Таразда ІІ ауыл жасөспірімдерінің жазғы ойындары 6-10 тамыз аралығында өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда ІІ ауыл жасөспірімдерінің жазғы ойындары 6-10 тамыз аралығында өтеді

01.08.2014
Таразда ІІ ауыл жасөспірімдерінің жазғы ойындары 6-10 тамыз аралығында өтеді

Таразда ІІ ауыл жасөспірімдерінің жазғы ойындары 6-10 тамыз аралығында өтеді. Аталған  бұқаралық  спорттық  турнирге 1997-1999 жылы  туған  ауыл жасөспірімдері  9 спорт түрінен қатысып, 46 медаль жиынтығын  сарапқа  салатын болады.

Біріншілікке іріктеу ойындары мамыр мен маусым айында өткен болатын. Іріктеу жарыстарының нәтижесінде турнирге Астана мен Алматы қалаларынан басқа еліміздің 14 өңірінен  жарысқа  қатысушы спортшылар анықталды.

Волейбол, шағын футбол, қазақ  күресі, тоғызқұмалақ, еркін күрес,  асық  ату,  үстел теннисі, таэквондо  мен  жазғы президенттік  көпсайыстан шешуші сайыстар  Тараз қаласындағы спорт ғимараттарында өтеді.

Жазғы ойындарды Қазақстан Республикасының Спорт және дене шынықтыру істер агенттігі мен Жамбыл облысының әкімдігі ұйымдастырып отыр.

Хабарламаларға жазылу