Бүгін Қазақстан Бокс федерациясының кубогы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Қазақстан Бокс федерациясының кубогы басталды

01.08.2014
Бүгін Қазақстан Бокс федерациясының кубогы басталды

Бүгін Алматы және Шучье қалаларында Қазақстан Бокс федерациясының кубогы басталады. Аталмыш турнир биыл 5-ші рет ұйымдастырылып отыр. ҚБФ Президенті Тимур Құлыбаевтың бастамысмен ұйымдастырылып келе жатқан турнир жылдан-жылға боксшылар мен жанкүйерлер арасындағы қызығушылықты оятып келеді.

Биылғы турнирдің жүлде қоры 25 миллион теңгегені құраған және жүлдені жеңімпаз атаған команда иемденеді.

Турнирдің жеребесі мамыр айының 23-і күні тартылып, 4 топқа бөлінген:

«А» тобы:  Маңғыстау, Павлодар облысы және Алматы қаласы; «В» тобы: Астана қаласы, БҚО және Жамбыл облысы; «С» тобы: ОҚО, Ақмола, Қостанай және Қызылорда облысы; «D» тобы: Қарағанды, Алматы, Атырау және Шығыс Қазақстан облысы.

«А» тобының жекпе-жектері Алматы қаласында, «С» тобы Шучье қаласында 1-3 тамыз аралығында өтсе,  «В» тобы Орал қаласында, «D» тобы Қарағанды қаласында 8-10 тамыз аралығында өтеді. Ал, жартылай финал мен финал ойындары әдеттегідей Астана қаласында 14 және 15 қараша күндері өтеді деп жоспарлануда.

Осыған дейін ҚБФ кубогын Астана (2010, 2013 жж), Қарағанды (2011 ж), және Маңғыстау облысы (2012) ұтып алған болатын.

 «А» тобы:

Маңғыстау облысының құрамасы:

49 келі: Қуанышбай Сәрсенбаев, Жәнібек Есқуатов; 52 келі: Бастаубек Бердіқожаев, Нұржан Қошанов; 56 келі: Дәулетбай Ерғалиев, Қанат Көптілеуов; 60 келі: Берік Әбдірахманов, Мәди Шолақов; 64 келі: Жәнібек Әжібай, Мәулен Өскенбек; 69 кг: Мадияр Ашкеев, Серік Жетібаев; 75 келі: Ерік Әлжанов, Сүлеймен Бердұқаев; 81 кг: Әділбек Ниязымбетов, Баянбек Саметов; 91 келі: Мағжан Базарбай, Абылай Бақторазов; 91 келіден жоғары: Кенже Аманжолов, Саламат Еңсепов.

Павлодар облысының құрамасы:

49 келі: Жандос Дюсеков, Алексей Барышников; 52 келі: Ерлан Тамемов, Қуаныш Сабыр; 56 келі: Азат Айғұжинов, Шыңғыс Сыздықов; 60 келі: Мерей Мұхамеджан, Данияр Жүніс; 64 келі: Нұрсұлтан Хасанов, Әділет Сқақов; 69 келі: Айдар Ташев, Илья Очкин; 75 келі: Данат Иманбеков, Марат Құмархан; 81 келі: Шайұрат Құсайынов;  91 келі: Серік Мұсаділов, Жұстан Нарсавидзе; 91 келіден жоғары: Олжас Бұқаев, Сергей Гончаров.

Алматы қаласының құрамасы:

49 келі: Бағдат Тойлыбаев, Айдос Батырқұл; 52 келі: Анвар Музапаров, Мақсұт Зарыққанов; 56 келі: Хабибулла Исмаил-Ахунов; 60 келі: Абылай Құсайынов, Виктор Коточигов; 64 келі: Батыржан Жүкембаев, Спатай Егембаев; 69 келі: Асхат Уәлиханов, Иляс Қасенов; 75 келі: Бекзат Рысбеков, Әбілқайыр Шегалиев; 81 кг: Әліби Нұрматов, Абдуәлі Ескелов; 91 келі: Ахмед Годоборшев, Қанат Ескелов; 91 келіден жоғары: Қанағат Ахмедов, Мұхит Көшербай.

«С» тобы:

Ақмола облысының құрамасы:

49 келі: Теміртас Жүсіпов, Әділет Ғибадат; 52 келі: Әнуар Батырханов, Мирас Ожан; 56 келі: Нұрсұлтан Көшеғұлов, Ерсұлтан Болат; 60 келі: Жандос Момынов, Еркін Хасенов; 64 келі: Сабыржан Бекбергенов, Андрей Лейхнер; 69 келі: Тимур Масютов, Азамат Аманжол; 75 келі: Дастан Сахи, Жандос Хайруллаев; 81 келі: Нұрдаулет Жарманов, Жандос Жақсылықов; 91 кг: Алмат Серімов, Вячеслав Бодарев; 91 келіден жоғарыг: Жан Кособуцкий.

ОҚО құрамасы:

49 келі: Жомарт Ержан, Біржан Жақыпов; 52 келі: Нұрғазы Жүсіпов, Олжас Байниязов; 56 келі: Қайрат Ералиев, Дастан Әшірәлі; 60 келі: Абдуәлил Балтиев, Закир Сафиуллин; 64 келі: Алмасбек Әлібеков, Ақмадияр Исақ; 69 келі: Әсет Әлиев, Бекзод Халметов; 75 келі: Нұрзад Собиров, Абзал Құттыбеков; 81 келі: Нұрбол Алтаев, Кенжеболат Түймебек; 91 келі: Ерболат Жиренбаев, Асқар Абдуллаев; 91 келіден жоғары: Айбек Ерметов, Нұржан Бекзатов.

Қызылорда облысының құрамасы:

49 келі: Дулат Дәуітов; 52 келі: Ғалымжан Отызбаев; 56 келі: Әлібек Басапа; 60 келі: Бағдат Уәйдаев; 64 келі: Ақылбек Жоламанов; 69 келі: Қазыбай Жалғасбай; 75 келі: Рүстем Сыбаев, Қуандык Жүсіп; 81 келі: Тұрсынбай Кұлахмет; 91 келі: Жаңабек Әлиев; 91 келіден жоғары: Темірлан Өмірбек.
 

Қостанай облысының құрамасы:

49 келі: Дамир Сағатуллин, Данияр Атамбұзов; 56 келі: Нұрсұлтан Кенжеғаринов; 60 келі: Алексей Кочеулов, Николай Шваб; 64 келі: Руслан Оспанов, Денис Анисимов; 69 келі: Сергей Карбивнычий; 75 келі: Олжас Жармұхамедов; 81 келі: Руслан Чемурзиев; 91 келі: Темірлан Уваисов; 91 келіден жоғары: Максим Казанцев, Темірлан Қабиев.  

Хабарламаларға жазылу