Қытайға экспортталатын астық көлемі ұлғайтылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайға экспортталатын астық көлемі ұлғайтылмақ

31.07.2014
Қытайға экспортталатын астық көлемі ұлғайтылмақ

Қытайда қазақстандық бидайға сұраныс артып отыр. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «ҚазАгро» басқармасы төрағасының орынбасары Қайрат Айтуғанов мәлімдеді.

Оның айтуынша,  Қазақстан ҚХР-ға экспортталатын бидай көлемін ұлғайтуға ниетті.

«Қытай нарығына талдама жасалды. Қытайлық тұтынушылардың біздің өнімнің сапасына көз жеткізгеннен кейін қазақстандық бидайға сұранысы артып отыр. Сондықтан, көрші елге экспортталатын бидай өнімінің көлемі ұлғайтылмақ»,- деді басқарма төрағасының орынбасары.

Бүгінгі күні қытайлық тараппен 120 тонна астық экспорттау туралы келісімге қол қойылды.

Сондай-ақ, Қайрат Айтуғанов екі ел арасындағы тасымал кедергілерін жою үшін «ҚазАгро» Қазақстан мен Қытай шекарасында бидай терминалдарын салуда инвесторларға қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

 

kapital.kz

Хабарламаларға жазылу