«ҚазАгро» биыл 48 активін сатылымға шығарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ҚазАгро» биыл 48 активін сатылымға шығарады

31.07.2014
«ҚазАгро» биыл 48 активін сатылымға шығарады

Ағымдағы жылдың екінші жартысында «ҚазАгро» АҚ-ның еншілес компанияларына тиесілі 48 нысанын сатылымға шығарылады. Бұл жекешелендірудің екінші толқыны аясында жүзеге аспақ.

Бұл туралы бүгін «ҚазАгроМаркетинг» АҚ басқармасының төрағасы Дархан Дәуітов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Нысандардың басым бөлігі аудан орталықтарында құрылған шағын несие ұйымдары. Олар кезінде ауыл тұрғындарына несие қаражаттары қолжетімді болуы үшін құрылған. Әрі «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ына тиесілі.

«Бүгінде бұл нарықтағы жекеменшік кәсіпорындар біздің «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорындағы» үлесімізді сатып алуға дайын. Бұған біз де дайынбыз. Қазір құжаттар әзірлену үстінде. Ағымдағы жылдың екінші жартысында бұл нысандар сатылады. Сұраныс бар. Қазіргі уақытқа дейін шағын несие ұйымдарының үшеуі сатылды», - деді ол.

Хабарламаларға жазылу