«Барыс» жаңа маусымдағы алғашқы жолдастық кездесуінде жеңіске жетті
Астаналық «Барыс» хоккей клубы швейцариялық «Давос» клубымен жолдастық кездесу өткізіп, 4:3 есебімен басым түсті. Бұл елордалық ұжымның жаңа бапкері Андрей Назаровтың алғашқы ойыны болды.
Кездесу Швейцарияның Давос қаласында өтті. Алғашқы кезеңде айдын иелері есеп ашып, алға шыққан болса, екінші кезеңде «Барыс» клубының қорғаушысы Роман Савченко есепті теңестірді.
Ал, қалған шайбаның барлығы үшінші кезеңнің соңғы 10 минутында соғылды.
«Барыс» пен «Давос» клубтары арасындағы екінші жолдастық кездесу 3-ші тамыз күні Сурси қаласында өтеді. Ойын Астана уақытымен кешкі сағат 20:00-де басталады.
Естеріңізге сала кетейік, «Барыс» хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасындағы алғашқы кездесуін Астанада уфалық «Салават Юлаев» клубымен өткізеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қысқы Олимпиада: Бүгін түнде шорт-трекшілеріміз шығады
18.02.2026, 17:37
Ш.Сарыбаевтың еңбектері жиналған кітаптар таныстырылды
18.02.2026, 17:35
Маңғыстаудағы жерасты мешіттері ЮНЕСКО тізіміне енуі мүмкін
18.02.2026, 17:33
Таразда Қараханидтер дәуірінен қалған «Төрткүл» керуен сарайын жаңғырта бастады
18.02.2026, 17:31
Мектептерде эко-сана жобасы қолға алынды
18.02.2026, 17:27
Ауданның қауіпсіздігі жедел басқару орталығы арқылы бақыланады
18.02.2026, 17:24
«Самұрық-Қазына» әлеуметтік жобаларға ₸124 млрд бағыттаған
18.02.2026, 17:21
Ақсу-Аюлы ауылында 200 отбасы баспаналы болды
18.02.2026, 17:19