Биыл Қызылорда қаласында 73,3 шақырымды құрайтын 79 көше жөнделуде. Бұл туралы қалалық мәслихаттың ХХХІ сессиясында қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев айтты.
Оңтүстік кіреберістегі Шымкент-Самара халықаралық автожолы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, Саламатов, Рысқұлов, Әбілқайыр хан, Марал Ишан, Қаратоғай көшелері қайта жөнделіп, жаңа үлгідегі жарық бағаналары мен аялдамалар, көрнекі ақпарат қондырғылары қойылмақ.
Ұзындығы 5 шақырымды құрайтын Әл-Фараби көшесі күрделі жөндеуден өтіп, ауылдарда 7,3 шақырымды құрайтын 10 көше орташа жөндеуден жүргізілуде.
Сонымен қатар, Абай даңғылы мен Қазыбек би көшесінде жаяу жүргіншілерге арналған 2 аспалы көпір салынуда.