Павлодарда Жас кәсіпкерлер клубы ашылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда Жас кәсіпкерлер клубы ашылмақ

29.07.2014
Павлодарда Жас кәсіпкерлер клубы ашылмақ

Павлодар облыстық Кәсіпкерлер палатасына жас бизнесмендерден өз ісін жүргізу, өндірісті, бизнес-байланыстарды кеңейтуде қолдау көрсету бойынша келіп түскен өтініштер ескеріле отырып, жастардың қажеттіліктерін талдау нәтижесінде облыстық палата жанынан Жас кәсіпкерлер клубы құрылмақ.

Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Бахытжан Ілиясқызының сөзіне қарағанда, клубтың ашылуы жас кәсіпкерлерге бизнес-бастамаларын іске асырудағы мүмкіндіктерін кеңейте түседі. 

«Бизнестері жемісті дамыған адамдардың тәжірибелері мен білімдерін үйрену маңызды. Клубтың басты мақсаты – еркін бизнес-диалог үшін тиімді жағдайлар жасау»,- дейді ол.

Ал жас кәсіпкер Азамат Әбдиев: «Жас бизнесмендер, кәсіпкерлікте тәжірибесі аз жастар үшін бұл үлкен көмек болатынына сенімдімін. Клубтың ашылуымен біз көптеген жаңа білімге ие болып, бизнесімізді одан әрі кеңейте аламыз. Айтып өту керек, клубтың алғашқы ұйымдастырушылық кездесулерінде-ақ өзіме бизнес-серіктесті таба алдым»,- дейді.

Хабарламаларға жазылу