«Жасыбай толқыны-2014» фестивалі 16 тамызда өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жасыбай толқыны-2014» фестивалі 16 тамызда өтеді

27.07.2014
«Жасыбай толқыны-2014» фестивалі 16 тамызда өтеді

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Жасыбай толқыны» жазғы фестивалі биыл 16 тамыз күні  ұйымдастырылмақ.

Шарада әдеттегідей, республикалық жоғары және премьер-лиганың беделді командалары сайысқа түсетін болады.

Өткен жылғы фестивальде «Демеушіміз Болашақ» тобы шеберлік сағатын көрсетсе, биылғы кезек - «Күлтегінде».

 Сайыспен қатар, «Жайдарман» мектебі  ұйымдастырылады.

15 тамызда Қазақстан КВН одағының редакторлары және президентінің қатысуымен семинар-тренингтер мен арнайы сабақтар өткізілмек, деп хабарлайды «Жайдарман».

Хабарламаларға жазылу