Қазақстанда темекінің бағасы қымбаттайды

27.07.2014
Қазақстанда темекінің бағасы қымбаттайды

ҚР Қаржы министрлігі 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап темекінің бір қорабы үшін ең төменгі бағаны 200 теңгеден кем қылмауды ұсынып отыр.

Халықты әлеуметтік зиянды тауарларды тұтынудан сақтау үшін темекі және алкоголь өнімдеріне акциздердің мөлшерлемелерін арттыру керектігі жөнінде көптен айтылып келеді.

Бұл арнайы жоба 2016 жылы күшіне енуі тиіс. Соның ішінде темекі өнімдерінің акциз мөлшерлемесін де едәуір көбейту көзделуде.

Қолданыстағы ҚР Салық Кодексінде биылғы жылы 1000 дана темекіге салынатын акциздер өлшемін 1550 теңгеден 3000 теңгеге дейін ұлғайту қолға алынуда.

Жаңа заң нұсқасына сай, 2015 жылдан 1000 дана темекіге 3 мыңнан 3900 теңгеге дейін, 2016 жылы 3900-ден 5 мың теңгеге дейін өсіру ниеті орнықтырылады.

Сонымен бірге фильтрлі темекінің жыл сайынғы акцизді өсімі 30 пайызды құрайды. 2013 жылдың 31 қаңтарындағы фильтрлі бір қорап темекі бағасы 130 теңге болса, 2014 жылдың бірінші қаңтарында 150 теңгеге өскен.

Хабарламаларға жазылу