АҚШ-та 11-ші қыркүйектегі теракт бойынша айыпталушының бірін бөлек соттайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та 11-ші қыркүйектегі теракт бойынша айыпталушының бірін бөлек соттайды

26.07.2014
АҚШ-та 11-ші қыркүйектегі теракт бойынша айыпталушының бірін бөлек соттайды

Гуантанамо базасындағы әскери трибунал 11-ші қыркүйектегі терактіні ұйымдастыруға қатысы бар бес айыпталушының біреуінің соты жеке болу керек, деп хабарлайды France Presse агенттігі.

Рамзи бин аз-Шиба Йемен атты азаматының ісін барлық айыптаушылардан бөлек қарастыру үшін оның сот алдында жауап бере алу мүмкіндігін анықтау қажет. Себебі әскери дәрігерлер оған «қатты психикалық ауруға шалдыққан» деген қорытынды шығарған.

Барлық айыптаушыарға қатысты алдын-ала сот отырысы Гуантанамода 11-15 тамыз аралығында өтуі керек.

АҚШ тарихындағы ең қайғылы терактінінің негізгі ұйымдастырушысы болып Халид Шейх Мұхаммед айыпталып отыр. Егер барлығының айыбы дәлелденсе, олар өлім жазасы кесіледі.

Хабарламаларға жазылу