Аруба соты Венесуэланың барлау қызметінің бұрынғы басшысын абақтыдан босатпады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аруба соты Венесуэланың барлау қызметінің бұрынғы басшысын абақтыдан босатпады

26.07.2014
Аруба соты Венесуэланың барлау қызметінің бұрынғы басшысын абақтыдан босатпады

Кариб теңізіндегі Нидерландтың Аруба аралындағы сот Венесуэланың әскери барлау қызметінің бұрынғы басшысы Уго Карвахальді абақтыдан босатпады. Ол есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен ұсталған, деп хабарлайды Associated Press.

Карвахаль Арубада бейсебі күні АҚШ билігінің сұрауынан кейін тұтқынға алынды. Ол Венсуэланың президенті болған Уго Чавестің кеңесшісі және 2004-2009 жылдары әскери барлау қызметінің басшысы болған.

Бұған дейін, қамауға алынған дипломат АҚШ-тың Қаржы министрлігінің «қара тізіміне» кірген.

 

Хабарламаларға жазылу