«Барыс» Қазақстан құрамасының қақпашысымен келісімшартқа қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Барыс» Қазақстан құрамасының қақпашысымен келісімшартқа қол қойды

26.07.2014
«Барыс»  Қазақстан  құрамасының  қақпашысымен  келісімшартқа  қол қойды

«Барыс»  Қазақстан  құрамасының  26 жастағы  қақпашысы   Алексей Ивановпен  келісімшартқа  қол  қойды.  Келісімшарт  екі  жылға  есептелді.  Бұл  туралы  астаналық   командасның   ресми  сайты   хабарлайды.

«Барыс»  командасына  өту  Әлем чемпионатының  барысында  мамыр  айында  ұсынылған.  Бірақ  сол уақытта  ҚХЛ-дың  бірнеше  клубына  өтуіне  ұсыныстар  болған  еді. 

«Барыс»  командасында  қақпашы  бәсекесі  жоғары екенін  білетінмін.  Сол себепті  басқа  командада  көшбасшы  болғым  келді.  Алайда,  кейін  лиганың  тәртібінде  өзгерістер  болды.  Ал  мен  ұлттық құрама  жейдесін киюді  қаладым.  Мен  елдің  абыройын  халықаралық  алаңда  қорғағым  келеді.  Астанаға  келгеніме  өте  қуаныштымын», - деді Алексей Иванов. 

Естеріңізге  сала  кетейік,  Алексей Иванов  2010-2012 жылдары «Барыс»  командасында  ойнаған,  кейін  Ангардың  «Ермак»,  Мәскеудің   «Спартак»  клубының  жейдесін  киген.

Хабарламаларға жазылу