«28-ші панфиловшылар» фильміне қажетті қаражаттың үштен бір бөлігі жиналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«28-ші панфиловшылар» фильміне қажетті қаражаттың үштен бір бөлігі жиналды

25.07.2014
«28-ші панфиловшылар» фильміне қажетті қаражаттың үштен бір бөлігі жиналды

«28-ші панфиловшылар» фильмінің режисері Андрей Шальопа тоғыз айда 20 миллион рубль жинаған. Режиссер киноны мемлекеттің емес қарапайым халықтың қолдауымен түсірмекші.

«Жоспар бойынша бізге 60 миллион рубль қажет болатын. Қазірше мұның үштен бір бөлігін жинадық. Киноның иесі халық болғандықтан, фильмді сапалы түсіру біздің міндетіміз. Бұрынырақ фильмді үзіліссіз түсіреміз деп жоспарлаған болатынбыз. Алайда, түсірілімді бірнеше кезеңге бөлдік. Өйткені үзіліссіз түсіріуге қаржылық әлеуетіміз жетпейтін болды», - дейді фильмнің режиссері.

Көмек қолын созушылар қаржыны фильмнің жеке сайты арқылы аударуда. Қазірге дейін Gaijin Entertainment мен War Thunder компаниялары «28-ші панфиловшілер» фильмін қолдау мақсатында қаражаттарын аударған.

Бүгінге дейін киноның шамамен 6 бөлімі дайын. «28 панфиловшілер» фильмінде Мәскеу, Санкт-Петербург, Украина және Қазақстан актерлері  ойнауда.

Хабарламаларға жазылу