Мархаба Сәбиева «Славян базары-2014» конкурсында ІІІ орынды иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мархаба Сәбиева «Славян базары-2014» конкурсында ІІІ орынды иеленді

15.07.2014
Мархаба Сәбиева «Славян базары-2014» конкурсында ІІІ орынды иеленді

Қазақстандық әнші Мархаба Сәбиева Витебск қаласында өткен эстрадалық әндерді орындаушылардың 23-ші  Халықаралық «Славян базары-2014» байқауында ІІІ орынды иеленді. Бұл туралы байқаудың ресми сайты хабарлады. Вокалдық конкурсқа барлығы 21 әнші қатысқан. Жартылай финалдың қорытындысы бойынша Мархаба финалға шығып, онда 15 орындаушымен бәсекеге түсіп, үздік үштікке енді.

 Айта кетейік, Мархаба Сәбиева «Қазақстан дауысы» жобасына қатысқан болатын.

Хабарламаларға жазылу