Қазақстанда ғаламторды пайдалану деңгейі 70 пайыздан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда ғаламторды пайдалану деңгейі 70 пайыздан асты

15.07.2014
Қазақстанда ғаламторды пайдалану деңгейі 70 пайыздан асты

Қазіргі уақыттан Қазақстанда ғаламторды пайдалану деңгейі 70 пайыздан асты.

Бұл туралы бүгін елордада басталған байланыс саласындағы өңірлік ынтымақтастық басшыларының кеңесінде Байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы Асқар Жұмағалиев мәлімдеді.

 «Бүгінгі таңда Қазақстанда интернетке кіру 70 пайыздан асады. Ал, ұялы байланысқа кіруде  160 пайыздық шектен астық», - деді ол.

Агенттік төрағасының айтуынша,  ауылдық елді мекендерді телефонмен жабдықтау арқасында Қазақстан талшықты оптикалық инфрақұрылымды дамытуды жалғастыруда.

«Бұл жобаны алдағы үш жылдың ішінде іске асыруды жоспарлап отырмыз», - деді А. Жұмағалиев

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу