15-16 шілде күндері Алматыда теңізге шыға алмайтын дамушы елдер тобының БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдерінің көшпелі жиыны өтпек.
Шараның ашылу рәсіміне ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, мұхитқа шықпайтын дамушы елдер мәселесі бойынша БҰҰ-ның жоғары өкілі Гиан Чандра Ачария және ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы Замир Сағынов, сондай-ақ, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.
Оның ішінде БҰҰ-ның сауда және даму жөніндегі конференциясы (ЮНКТАД), Азия және Тынық мұхит үшін БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО) және Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) бар.
Жиынның мақсаты – 2003 жылдың 28-29 тамызында Алматыда өткен теңізге шыға алмайтын дамушы елдер министрлерінің халықаралық конференциясында қабылданған «Алматы іс-қимыл» бағдарламасын жүзеге асыруды талқылау.
«Алматы іс-қимыл» бағдарламасы – теңізге шыға алмайтын дамушы елдердің ерекше қажеттіліктерін қамтамасыз ететін «Жол картасы» есебіндегі бірден бір бағдарлама.