Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Хорватиямен кездеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Хорватиямен кездеседі

13.07.2014
Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Хорватиямен кездеседі

Қазақстан футболшылары 12 тамыз күні Алматыда Хорватия құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді. Айта кетейік, бастапқы кезеңде Израильмен де келіссөздер жүргізілген.

Алайда кейін Қазақстанға 2014 жылғы Әлем чемпионатының финалдық кезеңіне қатысушылардың бірі келуі тиіс, деп хабарлады Sports.kz.

ФИФА рейтингісінде Хорватия қазір 18-ші орында, құраманың бас бапкері – Нико Ковач, ал капитаны – Дарио Срна. Естеріңізге сала кетейік, Хорватия бүгін аяқталатын Әлем біріншілігінде Бразилия, Мексика және Камерун футболшыларымен ойнаған болатын.

 

Хабарламаларға жазылу