Алматыда ұлттық спорт түрлерінен ел чемпионаты өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда ұлттық спорт түрлерінен ел чемпионаты өтеді

12.07.2014
Алматыда ұлттық спорт түрлерінен ел чемпионаты өтеді

 

 

Алматы қаласында 30 шілде-5 тамыз аралығында көкпар, аударыспақ және теңге ілуден жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жарысқа әр облыс пен Астана, Алматы қалаларынан 1996-1998 жылдар аралығында туған жасөспірім спортшылар қатысады деп жоспарлануда.

Чемпионат ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2014 жылға арналған бұқаралық-спорттық, сауықтыру іс-шаралары мен республикалық және халықаралық негізгі жарыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес өткізіледі.

Жарыс бағдарламасы бойынша, 30 шілде күні спортшылардың орналасқанынан кейін мандат комиссиясы мен төрешілер алқасының отырысы ұйымдастырылады.

ҚР чемпионатында А.Аймағанбетов, Н.Додай, М.Алиев (Ақтөбе облысы), А.Жанбалаев (Атырау облысы), Қ.Дүйсеков (Қарағанды облысы), Р.Байтасов, А.Бекболатов (Қостанай облысы), А.Базарханов, Е.Жылқыбаев, Г.Базарханова, Е.Юсупов, М.Құлжатаев, М.Отынбаев, А.Сапақов (ШҚО), С.Ізбасаров, Ж.Саев, С.Джалилов, Ж.Бекмұсаев, Қ.Жакипов, Ж.Түленов (ОҚО), М.Азбаев (СҚО), Ж.Орынбасаров, С.Сыздықов, Ғ.Мақатаев (Қызылорда облысы), А.Мейрамғалиев, Ж.Мейрамғалиев (Павлодар облысы), Қ.Сүйебаев (Маңғыстау облысы) сынды төрешілер қазылық етпек.

Хабарламаларға жазылу