Бокстан Президент Кубогы жеңімпазына 4000 доллар сыйақы беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бокстан Президент Кубогы жеңімпазына 4000 доллар сыйақы беріледі

09.07.2014
Бокстан Президент Кубогы жеңімпазына 4000 доллар сыйақы беріледі

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы IV халықаралық турнирінің БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз жиыны өтті.

Баспасөз мәслихатына ҚР Президенті Кубогының супервайзері Валерий Рачков, бокстан ҚР Мемлекеттік жаттықтырушысы Болат Әбдірахманов, Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов және Ресей құрамасының бас бапкері Александр Лебзяк қатысты.

Жиын барысында Президент Кубогында жеңімпаз атанған әр салмақтағы боксшыға сыйақы ретінде 4 000 АҚШ доллары табыс етілетіндігі айтылды.

Ал жеңімпаз атанған әр боксшының бапкеріне 2000 доллардан беріледі. «Президент кубогында» екінші орынға ие болған боксшылар 2000 доллардан, ал үшінші орынды иеленгендер 1000 доллардан сыйақы алады.

 

 

Хабарламаларға жазылу