Астананың кейбір аудандарында электр энергиясы мен ыстық су беру тоқтатылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астананың кейбір аудандарында электр энергиясы мен ыстық су беру тоқтатылады

09.07.2014
Астананың кейбір аудандарында электр энергиясы мен ыстық су беру тоқтатылады

Бүгін Астананың кейбір аудандарында ыстық су беру тоқтатылады. Бұл туралы astana.kz сайтына «Астана-Теплотранзит» АҚ хабарлады. Мына мекен-жайлар бойынша жылу есеп құралдарын орнатуға байланысты ыстық су беру жоспарлы ажыратылады: Иманов 36, Кравцов 4, Тархан 7/1, Пушкин 15, Есенберлин 14/1, 14/2, Ағыбай батыр 3,4,5,2,2/1, Иманов 2,4, Республика 9,11,13,7/2,9/1,9/2, Бөкейхан 10,12,8,4,2,6.

Жылу магистральдарын тығыздыққа сынауға байланысты келесі аудандарда ыстық су беру тоқтатылады: Тілендиев, Бөгенбай батыр, Сарыарқа даңғылы, Есенберлин, Құтпанов, Гете, Алтынемел, Алтынсарин, Тынышбаев, Біржан сал, Ақбұғы, Қарасай батыр, Конституция, Мыңарал, Молдағұлова, Потанин, Мәскеу, Затаевич, Шыптас, Бәйсеитова, Барқытбел, Қарталы, Суворов, Аспар, Бөкеев, Ақбидай, Кемеңгерұлы, Бұланты, Өндіріс, Кеншағыл, Тайбурыл, Құс жолы, Ақсеңгір, Бейсекова, Фахд бен Абдулл Азиз, Ақан сері, Жамбыл, 187-ші, 188-ші, Сарыбұлақ, Талапкер көшелері.

Бұдан басқа, «Астана-АЭК» АҚ бүгін келесі мекен-жайлар бойынша электр энергиясын беру жоспарлы тоқтатылатынын хабарлады: Абай даңғылы 49,51,53/1, 80/2, Иманбаев көшесі 88, Омаров көшесі 10, Тельман кенті, Мұғалжар көшесі, Заречный кенті, Октябрь 70 жыл көшесі, Әуезов көшесі 41/1, 43/1, 45/1.

Хабарламаларға жазылу