Головкин vs. Гил - шілде айының басты жекпе-жегі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Головкин vs. Гил - шілде айының басты жекпе-жегі

08.07.2014
Головкин vs. Гил  -  шілде айының басты жекпе-жегі

WBA (Super) және IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин (29-0-0, 26 КО) мен әлемнің экс-чемпионы, австралиялық  Дэниэл Гил (30-2-0, 16 КО) арасындағы жекпе-жек шілде айының ең басты кездесу тізіміне енді.  Бұл тізімді ресейлік «Чемпионат.com» порталы жасаған.

32 жастағы Геннадий Головкин мен 33 жастағы Дэниэл Гил жекпе-жегі 26 шілдеден 27 шілдеге қараған түні Нью-Йорктегі Madison Square Garden  аренасында өтеді. «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетуді жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, шілде айында өтетін маңызды кездесулердің тізіміне енгізілген  басқа да жекпе-жектер бар.

12 шілде. Лас-Вегас, АҚШ. Сауль Альварес (Мексика, 43-1-1, 31 КО) – Эрисланди Лара (Куба, 19-1-2, 12 КО);

12 шілде. Ливерпуль, Ұлыбритания. Энтони Джошуа (Англия, 6-0-0, 6 КО) – Мэтт Скелтон (Англия, 28-8-0, 23 КО);

19 шілде. Макао, Қытай. Гильермо Ригондо (Куба, 13-0-0, 8 КО) – Сод Кокиетджим (Таиланд, 63-2-1, 28 КО);

26 шілде. Манчестер, Ұлыбритания. Дерек Чизора (Англия, 20-4-0, 13 КО) – Тайсон Фьюри (Англия, 22-0-0, 16 КО);

26 шілде. Нью-Йорк, АҚШ. Брайант Дженнингс (АҚШ, 18-0-0, 10 КО) – Майк Перес (Куба, 20-0-1, 12 КО);

26 шілде. Дессау, Германия. Роберт Штиглиц (Германия, 46-4-0, 26 КО) – Сергей Хомицкий (Беларусь Республикасы, 29-10-2, 12 КО);

26 шілде. Рига, Латвия. Джеймс Тони (АҚШ, 76-9-3, 46 КО) – Евгений Орлов (Ресей, 15-12-1, 11 КО).

Хабарламаларға жазылу