«Елбасы жолы» - Ұлттық арнада - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Елбасы жолы» - Ұлттық арнада

05.07.2014
«Елбасы жолы» - Ұлттық арнада

«Елбасы жолы»  киноэпопеясында Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың студенттік жылдары, алғашқы еңбек жолы баяндалады. Фильмде басты кейіпкер Теміртауға келіп, металлургтар қаласының құрылысына атсалысады, кейін Украинаның Днепродзерджинск қаласына оқуға аттанады.

Ол жаңа достар табады, жаңа ұстаздармен танысады. Дипломды қолына алғаннан кейін Отанға оралып, кәсіби еңбек жолын бастайды. Нұрлан Әлімжанов, Нұржұман Ықтымбаев, Жан Байжанбаев, Наталья Арынбасарова сынды танымал актерлер кейіпкерлерін сомдаған  режиссер Рүстем  Әбдірашевтің «Елбасы жолы: от- өзен» драмасын бүгін Ұлттық арнадан сағат 18.00-де тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу