Жером Вальке: Бұл - тарихтағы ең үздік Әлем чемпионаты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жером Вальке: Бұл - тарихтағы ең үздік Әлем чемпионаты

02.07.2014
Жером Вальке: Бұл - тарихтағы ең үздік Әлем чемпионаты

ФИФА бас хатшысы Жером Вальке футболдан Әлем чемпионатының ұйымдастырылу деңгейіне көңілі толатынын жеткізді. Оның сөзінше, спорт нысандары құрылысының мерзімінде аяқталмауы жөніндегі ақпараттардың жиі таратылғанымен, Бразилия турнирді қабылдауға дайын болды.

«Стадион бойынша аздаған мәселе болды. Дегенмен, оның барлығы шешілді. Бірнеше жұмыс аяқталмаған еді, алайда олардың барлығы соңғы сынақтан кейін реттелді. Футболдың деңгейіне келсек, бұл – тарихтағы ең үздік Әлем чемпионаты. Доп додасында 1982 жылдан бастап көп гол соғылмаған еді», - деді ФИФА бас хатшысы.

Хабарламаларға жазылу