Елдің кей өңірлерінде бұршақ жауады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдің кей өңірлерінде бұршақ жауады

02.07.2014
Елдің кей өңірлерінде бұршақ жауады

Еліміздің басым аумағында күннің күрт суытуына байланысты «Қазгидромет» РМК ескерту жариялады.

«1-2 шілде Ақмола облысында, 2 шілде Солтүстік Қазақстан облысында, 2-3 шілде Павлодар облысында кей жерлерде жауын жауып, соңы бұршаққа ұласуы мүмкін.

Солтүстік-батыстан соққан жел секундына 15-20 метрге дейін, кей жерлерде 25-ке дейін жетеді. Ауаның температурасы түнде 8-13 дейін, кей жерлерде 5 градусқа дейін төмендесе, түнде 17-22, кей жерлерде 12 грудсқа дейін жылы болады.

1-3 шілде Қостанай, Қарағанды облыстарында кей жерлерде бұршақ түсуі ықтимал. Солтүстік-батыстан соққан жел екпіні 15-20, кей жерлерде секундына 25 метрге дейін жетеді. Ауаның температурасы түнде 8-1, кей жерлерде 5 градусқа дейін төмендесе, күндіз 18-23, кей жерлерде 15 градусты көрсетеді», - делінген ҚР ТЖМ ақпараттық порталында жарияланған «Қазгидромет» хабарламасында.

Хабарламаларға жазылу