«Қазақстан Барысы - 2014»: Финалда – Асыл Бәрменов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан Барысы - 2014»: Финалда – Асыл Бәрменов

29.06.2014
«Қазақстан Барысы - 2014»: Финалда – Асыл Бәрменов
«Қазақстан Барысы-2014» турнирінің жартылай финалының алғашқы жұбы - Жамбыл облысының палуаны Дәулетхан Жақыпов пен Қарағанды облысының палуаны Асыл Бәрменов.
 
Бұған дейін жамбылдық Дәулетхан Жақыповты, оңтүстікқазақстандық Жұманазар Ерсұлтановты, Алматы қаласының палауаны Бақыт Ысмағұловты және солтүстікқазақстандық Рүстем Жұмаевты жеңген болатын.
 
Ал Асыл Бәрменов бірінші айналымда Ақмола облысының палуаны Леонид Станеевтен басым түсті. Ал екінші айналымда атыраулық Сұңғат Закариевті жеңген еді. Сондай-ақ, ширек финалда астаналық Арман Әбеуовтен айласын асырды.
 
Сонымен, кездесу барысында Асыл Бәрменов Дәулетхан Жақыповтан басым түсіп, финалға шықты. Оның қарсыласы келесі белдесуде анықталады. 

Хабарламаларға жазылу