Ширек финалда Асыл Бәрменов Арман Әбеуовті жеңді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ширек финалда Асыл Бәрменов Арман Әбеуовті жеңді

29.06.2014
Ширек финалда Асыл Бәрменов Арман Әбеуовті жеңді
«Қазақстан Барысы-2014» турнирінің ширек финалында қарағандылық Асыл Бәрменов пен астаналық Арман Әбеуов белдесті.
 
Бірінші айналымда Асыл Бәрменов Ақмола облысының палуаны Леонид Станеевтен басым түсті. Ал екінші айналымда атыраулық Сұңғат Закариевті жеңген еді.
 
Ал, Арман Әбеуов бірінші айналымда Алматы облысының палуаны Саят Шәмшиевті, екінші айналымда Оңтүстік Қазақстан облысының палуаны Сабыржан Әбілдаұлын ұтты.
 
Ал ширек финалдың кездесуінде «Жас сұңқар» Асыл Бәрменов «Малайсары» Арман Әбеуовті жеңді. Енді ол жартылай финалда Дәулетхан Жақыповпен белдеседі.

Хабарламаларға жазылу