«Қазақстан Барысы-2014» турнирінің ең жас палуаны ширек финалға өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан Барысы-2014» турнирінің ең жас палуаны ширек финалға өтті

29.06.2014
«Қазақстан Барысы-2014» турнирінің ең жас палуаны ширек финалға өтті
 
«Қазақстан Барысы-2014» турнирінің екінші айналымында боз кілемге көтерілген келесі жұп - маңғыстаулық ең жас палуан Мейрамбек Жаңабай мен солтүстікқазақстандық палуан Дәурен Еслямов.
 
1995 жылғы Мейрамбек Жаңабай бірінші айналымда 1990 жылғы ақтөбелік «Сары бала» Нұрсұлтан Иманғазинмен белдесіп, жеңіске жетті.
 
Ал Дәурен Еслямов бірінші айналымда қарсыласы болмағандықтан, енді ғана боз кілемге көтерілді.
 
Сонымен, кездесуде ұпай санымен Мейрамбек Жаңабай жеңіске жетті. Оның ширек финалдағы қарсыласы - шығысқазақстандық палуан Мұхит Тұрсынов. 

Хабарламаларға жазылу