«Қазақстан Барысы-2014» басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан Барысы-2014» басталды

29.06.2014
«Қазақстан Барысы-2014» басталды
Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде «Қазақстан Барысы-2014» турнирі басталды.  Биылғы жарысқа 28 палуан қатысады. Олардың қатарында Бейбіт Ыстыбаев пен Айбек Нұғымаров және Шалқар Жоламанов бар.
 
Сайыстың алғашқы жұбы – батысқазақстандық Еділ Үсенов пен қызылордалық Айбек Серікбаев. Еділ Үсеновтің лақап аты – Бура, ал Айбек Серікбаев – Майлыбай деген атпен шықты.
 
Палуандар сайысын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетуде.

Хабарламаларға жазылу