«Қазақстан Барысы» турнирiнiң сыйақы қоры ұлғайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан Барысы» турнирiнiң сыйақы қоры ұлғайды

25.06.2014
«Қазақстан Барысы» турнирiнiң сыйақы қоры ұлғайды
«Қазақстан Барысы» турнирінің сыйақы қоры 5 миллион теңгеге ұлғайды. Бұл туралы жоба авторы Арман Шораев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 
«Ақпан айында теңге бағамы өзгергенiн жақсы бiлесiздер. Бiз турнирдiң сыйақы қорын сол қалпында 150 мың АҚШ доллары шамасында қалдырдық.
 
Теңгемен санайтын болсақ, оның көлемi 5 миллион теңгеге артты», - дейдi жоба авторы Арман Шораев. 
 
Биыл дода Астанада 29 маусымда өтпек. Боз кiлемде елдiң әр түкпiрiнен келген 28 палуан күш сынасады. 
 
Турнир барысында көрермендер арасында автокөлiк ойнатылатын болады.

Хабарламаларға жазылу