«Қазақстан Барысы» турнирiн «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы, «KAZsport» және «Боец» арналары тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан Барысы» турнирiн «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы, «KAZsport» және «Боец» арналары тікелей эфирде көрсетеді

25.06.2014
«Қазақстан Барысы» турнирiн «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы, «KAZsport» және  «Боец» арналары тікелей эфирде көрсетеді
«Қазақстан Барысы» турнирін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы, «KAZsport» және ресейлік «Боец» телеарналары тікелей эфирде көрсетіледі. Бұл туралы жоба авторы Арман Шораев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат
 
«Бiзге әлемнiң ең iрi спорт телеарналарының бiрi саналатын «Боец» арнасының директоры Сергей Завилейский келедi. Ол - бiздiң ескi досымыз. Сонымен қатар бiз өзге де халықаралық меймандарды күтудемiз. Каратэ-додан танымал акинавалық сэнсей Морио Хигаонна қонаққа келеді деген жоспар бар. Әдетте оның артынан 30-40 жапондық тiлшi ерiп жүредi», - дейдi А. Шораев. 
 
Оның айтуынша, «Боец» арнасы турнирдi тiкелей эфирде көрсететiн болады. Қазақстандық арналардан «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасы тікелей трансляция жасайды.

Хабарламаларға жазылу