Александр Винокуров атындағы веложарыс басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Александр Винокуров атындағы веложарыс басталды

25.06.2014
Александр Винокуров атындағы веложарыс басталды
Қызылжарда Олимпиада чемпионы Александр Винокуров атындағы жүлдеге көпкүндік республикалық веложарыс басталды. Жарысқа жүздеген спортшылар, 15 команда қатысуда, оның 2-еуі - ресейлік. Алты күн ішінде олар жүлделі орындарға бақ сынасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 
Веложарыс Қызылжар ауданы Новокаменка ауылының маңында өтеді. Жарыстың бастамашысы - солтүстікқазақстандықтардың жерлесі, атақты спортшы Александр Винокуров.
 
Астаналық велошабандоздармен көптен бері жұмыс істеп келе жатқанына қарамастан, ол жарыстар ұйымдастырудан, жүлде тігуден қалыс қалған емес. Осыған орай жыл сайын қатысушылардың да саны артып келеді. Биыл жүзге жуық спортшы жиналды, бұл өткен жылға қарағанда екі есеге көп.
 
«Алтыкүндік веложарыс нәтижесі бойынша жеке және командалық есепте жеңімпаздар анықталады. Жарысқа 16-17 жастағы спортшылар қатысады. Бұлар біздің болашақ үмітімізді ақтайтын спортшылар», - деді велоспорт бойынша орталықтың директоры Владимир Парахин.

Хабарламаларға жазылу