Үкімет Қазақстан Республикасын газдандырудың бас сызбасын мақұлдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет Қазақстан Республикасын газдандырудың бас сызбасын мақұлдады

24.06.2014
Үкімет Қазақстан Республикасын газдандырудың бас сызбасын мақұлдады
Үкімет 2015-2030 жылдарға арналған Қазақстан Республикасын газдандырудың бас сызбасын мақұлдады.
 
Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин мәлім етті.
 
«Біздің есептеуіміз бойынша, бүгінгі таңда қажетті инвестиция көлемі шамамен 656 млрд. теңгені құрайды.
 
Инвестиция көзі бір тараптан республикалық бюджет болып саналады.
 
Келесі тараптан өңірлер бюджеті, сондай-ақ, мемлекеттік-жеке серіктестік жобалар мен жеке инвестициялардан да қаржы құйылады.
 
Осылайша бұл бас сызба Үкімет тарапынан мақұлданды», - деді Ұзақбай Қарабалин.
 
Министрдің атап өтуінше, бас сызбаға сәйкес 2030 жылға қарай еліміздің 13 облысы толығымен газбен қамтылып, республика тұрғындарының 56 пайызы көгілдір отынға қол жеткізетін болады. 

 

 

Хабарламаларға жазылу