Футболға бәс тіккен студент терезеден секіріп кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футболға бәс тіккен студент терезеден секіріп кетті

24.06.2014
Футболға бәс тіккен студент терезеден секіріп кетті
Қытайда екінші курс студенті футболға бәс тігіп, 3 мың долларынан ұтылып, университет кампусының жетінші қабатынан секіріп кетті, деп хабарлайды interfax.ru.
 
Куәгерлер сөздеріне қарағанда, марқұм біреумен 10 минуттай телефонмен сөйлесіп, ұтылған ақшасын қайтаруға біраз уақыт беруін өтінген. Сөйлесіп болғаннан кейін шығып кеткен.
 
Жас жігіт бірден ауруханаға жеткізілгенмен дәрігерлер оның өмірін аман алып қала алмады.
 
Курстастары оның Бразилияда өтіп жатқан футболдан Әлем чемпионатының бірнеше матчына бәс тігіп, 20 мың юань ($3,2 мың) ұтылып қалғанын айтқан. Ал, ақшаны біреуден қарызға алып, үстемесімен қайтарып берем деп уәде берген екен.
ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу