Кішкентай астаналықтар үшін «Астана - арман қала» мерекесі өткізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кішкентай астаналықтар үшін «Астана - арман қала» мерекесі өткізіледі

24.06.2014
Кішкентай астаналықтар үшін «Астана - арман қала»  мерекесі өткізіледі
 
2 шілде, сағат 11.00 Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайында қаланың ең кішкентай азаматтары үшін «Астана - арман қала» музейлік балалар мерекесі өткізіледі, деп хабарлайды astana.kz.
 
«Астана - арман қала» балалар мерекесі - қазақ халқының ертегілері мен аңыздары, Қазақстанның елордасы - Астана туралы, достық пен бақытты балалық шақ туралы өлеңдер мен тақпақтардың негізінде құрылған. Биыл елорданы туған күнімен № 4 «Аружан» бөбектер бақшасының тәрбиеленушілері құттықтамақ.
 
Сондай-ақ, шара барысында балаларға сыйлықтар мен кәдесыйлар беріледі.

Хабарламаларға жазылу