Қорғаушы Дамир Рамазанов спорттық карьерасын көкшетаулық «Арлан» клубында жалғастырады. Өскемен хоккей мектебінің түлегі өткен маусымда «Астана» командасында ойнады. 25 жастағы хоккейші 49 рет мұзайдынға шығып, 17 (10+7) ұпай жинады.
Естеріңізге сала кетейік, Дамир Рамазанов көкшетаулық команданың намысын 2010-2011 жылғы маусымда қорғаған болатын.