«Қазақстан» сұңқары» байқауының жеңімпазы - Нұрлан Қоянбаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» сұңқары» байқауының жеңімпазы - Нұрлан Қоянбаев

21.06.2014
«Қазақстан» сұңқары» байқауының жеңімпазы - Нұрлан Қоянбаев
 
«Қазақстан» РТРК» АҚ kaztrk.kz порталының 7-мамыр Отан қорғаушылар күні қарсаңында жариялаған «Қазақстан» сұңқары» байқауында «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» бағдарламасының жүргізушісі жеңімпаз атанды. Байқауға корпорацияға қарасты телеарналарда қызмет ететін журналистер қатысты.
 
Олар -  «Өзекжарды» хабарының жүргізушісі - Алмат Әбдіраман (67 дауыс), «Аpta.kz» ақпараттық- сараптамалық бағдарламасының редактор-жүргізушісі - Мейіржан Әлібекұлы (2798 дауыс), спорт комментаторлары - Ермек Төрениязов (183 дауыс) пен Ермұхамед Мәулен (77 дауыс), «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» бағдарламасының жүргізушісі - Нұрлан Қоянбаев (2968 дауыс), «Таңшолпан» ақпараттық-сазды бағдарламасының жүргізушілері - Берік Көшербекұлы (174 дауыс) мен Жансерік Бейсеев (317 дауыс),  Жаңалықтар қызметінің кешкі блогын жүргізуші - Ламбриан Топузидис (1414 дауыс), Жаңалықтар қызметінің спорт блогын жүргізуші - Рустам Байдәулетов (853 дауыс) және «Алаң» ток-шоуының жүргізушісі - Нұрмұхамед Байғараев (230 дауыс).
 
 Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан» сұңқары» байқауы 7-мамыр Отан қорғаушылар күні қарсаңында жарияланған болатын. Байқау шарты бойынша, «Қазақстан» сұңқары» байқауының жеңімпазы портал оқырмандарының  дауыс беруі арқылы анықталды.

Хабарламаларға жазылу