Корпорация I жартыжылдықты қорытындылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Корпорация I жартыжылдықты қорытындылады

20.06.2014
Корпорация I жартыжылдықты қорытындылады
20 маусымда «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмысын қорытындылауға және екінші жартыжылдыққа қойылған міндеттерге арналған кеңейтілген мәжілісі өтті.
 
Оған ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Жапсарбай Қуанышев, ҚР Байланыс және ақпарат агенттігі төрағасының орынбасары Алтай Абибуллаев, Корпорацияның құрамына кіретін БАҚ жетекшілері мен барлық аймақтағы филиалдардың басшылары, әкімшілік-басқару саласының жетекші мамандары қатысты.
 
«Қазақстан» РТРК Басқарма төрайымы Нұржан Мұхамеджанова телерадиокорпорацияның өткен жарты жылда атқарған істерін саралады. Оның ішінде қоғамның жеткен жетістіктері мен жоспардың орындалу барысы, штаттық кестеге енгізілген өзгерістерге қатысты атқарылған іс-шаралар, Корпорацияға тиесілі арналар мен радиолар және аймақтардағы филиалдар жұмысы, эфирлік бағдарламалардың рейтингісін, отандық өнімнің саны мен сапасын арттыру, 3G, 4G желісі арқылы тікелей эфирде көрсету тәжірибесін күшейту сынды мәселелер төрайым баяндамасының өзегіне айналды.
 
Одан кейін сөз алған «Қазақстан» РТРК басшысының орынбасары Ғалым Омарханов, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының директоры Ілияс ЫсқақовҚазақ радиосының басшысы Садық Махат, «Еуразия ОРТ» телеарнасының бас директоры Сергей Кисилев, «Қазинформ» халықаралық ақпарат агенттігінің басшысы Д.К.Дияров өз саласына қатысты қорытындыларды саралап, шешімін күттірмейтін мәселелерді ортаға салды.
 
Сол сияқты Нұржан Жалауқызы мәжіліске қатысушыларға II жартыжылдықта атқарылатын іс-шаралар барысын баяндап, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының жаңа дизайнымен таныстырды.

Хабарламаларға жазылу