Қала күні қарсаңында елордада 2 балабақша мен 2 мектеп ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қала күні қарсаңында елордада 2 балабақша мен 2 мектеп ашылады

20.06.2014
Қала күні қарсаңында елордада 2 балабақша мен 2 мектеп ашылады
Астанада жалпы білім беретін 2 мектеп ашылмақ. Бұл қала күніне орайластырылып отыр, деп мәлімдеді Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
 
Қаланың оң және сол жағалауында орналасатын мектептердің бірі – Түркістан көшесінде болса, екінші мектеп - Ш.Қалдаяқов көшесінде ашылмақ. 

Сонымен қатар, Астана күніне орай Панфилов және Торайғыров көшелерінің қиылысында үш қабатты 140 орынға шақталған бөбекжай ашылады. Ол 2 жастан 7 жасқа дейінгі бүлдіршіндерге арналған.
 
Сондай-ақ, бүлдіршіндерге «BI Village Comfort» атты тағы бір тарту Нәжімеденов көшесінің бойында орналасатын болады. Үш қабатты ғимарат 190 орынға арналған.
 
Айта кетейік, қазіргі таңда Астананың жалпы білім беру мекемелерінің жүйесінде 83 мектеп бар, оның 71-і - мемлекеттік мектептер, 12-сі – жекеменшік. Онда 94 712 оқушы білім алып, 6038 мұғалім жұмыс істейді.

Сонымен бірге қалада 148 балабақша мен 25 шағын орталық бар. Оларға 33 164 бала барады.

 

 

Хабарламаларға жазылу