21-ші маусымнан бастап Алматыдан Барселонаға тікелей әуе рейсі ашылады. Бұл туралы Қазақстандағы Испанияның Өкілетті және Төтенше елшісі Мануэль Ларротча Парадамен кездесу барысында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғалиев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Комитеттің баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған әуе рейсін «Boeing -757» ұшағымен «Эйр Астана» ұлттық әуе тасымалдаушысы жүзеге асырады.
Атап айтқанда, Алматыдан Барселонаға бағытталған рейстер аптаның сейсенбісі мен сенбісінде, ал Барселонадан Алматыға сәрсенбі мен жексенбі күндері қатынайтын болады.
Атап айтқанда, Алматыдан Барселонаға бағытталған рейстер аптаның сейсенбісі мен сенбісінде, ал Барселонадан Алматыға сәрсенбі мен жексенбі күндері қатынайтын болады.