Нұрмұхамбет Әбдібеков Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалды

20.06.2014
Нұрмұхамбет Әбдібеков Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалды
Қарағанды облысының әкімі болып Нұрмұхамбет Әбдібеков тағайындалды. Ол осы уақытқа дейін Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 
Нұрмұхамбет Әбдібеков 1984 жылы Мәскеу тау-кен инстиутын тау-кен инженері мамандығы бойынша тәмамдап шыққан. Техника ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 1984 жылы Шилісай фосфорит кенішінің шебері, кейін тау-кен цехының бастығы болып бастаған.
 
1996 жылдан бастап мемлекеттік қызметке араласты, Ақтөбе, Атырау облыстарының әкімдіктерінде бірқатар басшылық қызметтерге тағайындалған. 2004-2007 жылдар аралығында Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болған. Осы қызметке тағайындалмастан бұрын 2010 жылдан бастап ҚР Индустрия және сауда вице-министрі, Ақтөбе қаласының әкімі болып  жұмыс істеген.
 
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қарағанды облысы әкімі қызметін Бауыржан Әбдішев атқарды.

 

 

Хабарламаларға жазылу