Астананың жасыл белдеуінде қырғауыл өсіру туралы шешім қабылданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астананың жасыл белдеуінде қырғауыл өсіру туралы шешім қабылданды

18.06.2014
Астананың жасыл белдеуінде қырғауыл өсіру туралы шешім қабылданды
Астананың жасыл белдеуінде қырғауыл өсіру туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап, astana.kz  хабарлады. 
 
Қырғауылдар аязға төзімді келеді және қыста қосымша жем беруді ғана қажет етеді. Астананың жасыл белдеуінде бұл құстарды асырауға жасанды өсіру және жерсіндіру бойынша биологиялық негіздеме бар.
 
Сондай-ақ, Рождественский тас жолында орман кордоны жанынан екі қысқы пана салынды. Біріншісі аналық құстарға, ал екіншісі балапандарға арналған. 
 
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2010-2011 жылдары қырғауылдың 125 дарағы сатып алынған. Үш жылда құстардың жұмыртқасынан инкубация арқылы 3210 дарақ өсірілді.
 
Оның 2333-і еркіндікке жіберілді. Олар тұрақты бақылауға алынды, қажет болған жағдайда қосымша жем беріледі. Қазіргі уақытта вольерлерде 360 ересек дарақ пен 1500 астам қырғауыл балапаны өсірілуде.
Биылғы жылы сәуір айында жасыл белдеуге 704 қырғауыл жіберілді. 
 
Мамандар қырғауылдарды өсіру зиянды жәндіктермен күресуге, жасыл белдеу аймағындағы жағдайды табиғи ормандарға барынша жақындатуға, сондай-ақ, Қазақстанда қырғауылдардың мекен ету ареалын кеңейтуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

 

 
 

Хабарламаларға жазылу