Солтүстік Қазақстан облысында университет оқытушысы із-түзсіз жоғалып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан облысында университет оқытушысы із-түзсіз жоғалып кетті

17.06.2014
Солтүстік Қазақстан облысында университет оқытушысы із-түзсіз жоғалып кетті
Солтүстік Қазақстан облысында 9 маусым күні Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің оқытушысы Стабаев Ербұлан Торсанұлы із-түзсіз жоғалып кетті. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлайды.
 
«1976 жылы туған Стабаев Ербұлан 2014 жылдың 9 маусымында кешкі уақытта Қызылжар ауданының Ивановка ауылының маңындағы «Мирас» лагерінен   белгісіз бағытта шығып кеткен. Осы кезге дейін оның қайда екені белгісіз», - деп көрсетілген хабарламада.
 
Сонымен бірге, 11 маусымнан бері Есіл өзенінде облыстың ТЖД суда құтқару қызметі іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
 
Таратылған ақпаратқа сәйкес, әзірге еш хабар жоқ.
 

Хабарламаларға жазылу