«Classic» радиосының 3 жылдығына арналған концерт өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Classic» радиосының 3 жылдығына арналған концерт өтеді

17.06.2014
«Classic» радиосының 3 жылдығына арналған концерт өтеді
18-маусымда, Алматыдағы  Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваторияның Үлкен концерт залында Қазақстандағы классикалық музыканың алғашқы радиостанциясы  «Classic» радиосының 3 жылдығына арналған концерт өтеді.
 
«Classic» радиосы – классикалық толқын» атты кешке Қазақстанның Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі, «Камерата Казахстана» мемлекеттік оркестрі,  «Magic of Nomads» этно-джаз тобы, «Қазына» ансамблі мен танымал музыкант, Скандинавияның жоғары бизнес мектебінің оқытушысы Михаил Казиник қатысады.
 
Сондай-ақ, кеште оркестрлік шығармалар мен премьералар ұсынылады.
 
Айта кетейік, «Classic» радиосының «Классикомания» бағдарламасы 2013 жылы Лондонда Халықаралық телерадиотаратушылар Ассоциациясы ұйымдастырған «AIBs Inspiring Creativity Awards» байқауында  «Ең бірегей, ойын-сауық және дамытатын бағдарлама» деп танылып, арнайы дипломмен марапатталды.
 
2013 жылы «Fashion TV Awards» салтанатында «Сәннен шықпайтыны үшін» жүлдесі табыс етілді.
 
«Classic» радиосы Алматы қаласында 102.8 жиілігінде және Астана қаласында 102.7 жиілігінде тәулігіне 24 сағат бойы хабар таратады.
 

Хабарламаларға жазылу