Балабақша кезегіне тіркеу БҒМ-ның жаңа сайтында қарастырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балабақша кезегіне тіркеу БҒМ-ның жаңа сайтында қарастырылады

17.06.2014
Балабақша кезегіне тіркеу БҒМ-ның жаңа сайтында қарастырылады
Алматыда өткен брифинг барысында ҚР БҒМ министрі Аслан Сәрінжіпов министрлік негізінде ашылатын жаңа веб-сайт жөнінде айтып өтті.
 
«Менің блогыма күніне 70-200 сұрақ келеді. Бұл министрлік үшін тым үлкен жүктеме. Регламент бойынша біз сұрақтарға үш күннің ішінде жауап беруіміз керек. Блогқа келетін сұрақтардың көлемін азайту үшін жаңа ақпарат порталы қажет. Сондықтан жақын арада министрлік базасында жаңа веб-сайт ашуды жоспарлап отырмыз», - деді министр.
 
Оның айтуынша, жаңа портал азаматтарды қажетті ақпараттармен қамтып қана қоймай, белгілі бір онлайн қызметті пайдалануға мүмкіндік береді. Мәселен, балаларды балабақша кезегіне тіркеу, онлайн тіркеу қызметтері халыққа қолжетімді болмақ.
 
«Аталған сайт бойынша жұмыс биыл жазда аяқталады. Бұл ресурс министрліктің жұмысын біршама жеңілдететін болады. Сондай-ақ, министрлік жұмысының мөлдірлігі мен тазалығын қамтамасыз етеді деп ойлаймыз», - деді ҚР БҒМ басшысы.
 
 

 

Хабарламаларға жазылу