Түркі академиясы мен Әзірбайжан ұлттық академиясы арасында келісім жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркі академиясы мен Әзірбайжан ұлттық академиясы арасында келісім жасалды

16.06.2014
Түркі академиясы мен Әзірбайжан ұлттық академиясы арасында келісім жасалды
Әзірбайжанның Астанасы Бакуде Әзірбайжан ұлттық академиясы мен  Түркі академиясы өзара әріптестік жөніндегі меморандумды бекітті,-деп хабарлайды Түркі академиясының баспасөз қызметі.
 
Құжатқа  екі академияның басшылары Акиф Ализаде мен Дархан Қыдырәлі қол қойды.   Меморандум екі жақтың ынтымақтаса жұмыс істеуіне, ортақ ғылыми  жобалар әзірлеп, бірлесе әртүрлі жиындар өткізуіне мүмкіндік береді. 
 
Әзірбайжандардың  түркология саласы бойынша өте бай тәжірибесі бар. 1926 жылы алғашқы  бүкілодақтық түркология съезінің Баку қаласында өткені де сөзімізге  дәлел. Әзірбайжан академиясында бүгіннің өзінде он мыңнан астам адам  қызмет етеді. 
 
Кездесу барысында Әзірбайжан ұлттық академиясы басшылығы Астанадағы Түркі академиясын барынша қолдайтынын білдірді.  

Хабарламаларға жазылу