Астанада жыл соңына дейін мемлекеттік бағдарлама бойынша 2510 пәтер тапсырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жыл соңына дейін мемлекеттік бағдарлама бойынша 2510 пәтер тапсырылады

15.06.2014
Астанада жыл соңына дейін мемлекеттік бағдарлама бойынша 2510 пәтер тапсырылады
Астанада жыл соңына дейін  мемлекеттік бағдарлама бойынша 2510 пәтер тапсырылады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
 
Аталған бағдарламаның екінші кезеңі бойынша тұрғын үй құрылысы Сарайшық көшесінің оңтүстігінде, сондай-ақ, Тілендиев даңғылының оңтүстігінде жүргізіліп жатыр.
 
«Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру барысында Астана қаласының әкімдігі нақты жұмыстар жүргізді. Несиелік баспана салу жоспарын уақытылы орындамауға кейбір бас мердігерлердің келісімдік міндеттемелерін орындамауы әсер етті. Бұл келісімдерді бұзып, жаңа мердігерлік ұйымдар таңдауға, нысандар құрылысының мерзімдерін ұзартуға әкелді», - делінген баспасөз мәлімдемесінде.
 
Айта кетейік, Елордада 2008-2010 жылдарға  арналған Тұрғын үй құрылысын дамыту мемлекеттік бағдарламасы бойынша бүгінде жалпы ауданы 261,5 мың шаршы метрді құрайтын  5674 пәтер пайдалануға берілді. 

Хабарламаларға жазылу