Қызылорда: Жыл соңына дейін 22 тұрғын үй пайдалануға беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда: Жыл соңына дейін 22 тұрғын үй пайдалануға беріледі

15.06.2014
Қызылорда: Жыл соңына дейін 22 тұрғын үй пайдалануға беріледі
Қызылорда қаласы халқының тұрғын үйге сұранысын қанағаттандыру мақсатында жыл соңына дейін 22 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Ал жыл ішінде  750 отбасы қоныс тойын тойлайтын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 
Апатты үйлерге қатысты мәселені шешу мақсатында биыл Титов қыстағы мен КБИ мөлтек ауданында 60 пәтерлік екі тұрғын үй бой көтереді.
 
Сондай-ақ, қалада «Қазақстан ипотекалық компаниясымен» бірлесіп, 230 пәтерді құрайтын 4 үй, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ арқылы 210 пәтерді құрайтын 6 тұрғын үйдің құрылысы  басталады.
 
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың» -  2011-2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 72 көпқабатты тұрғын үйлерді жөндеуге 1 миллиард 751 миллион  теңге бөлінді.
 
Нәтижесінде күрделі жөндеуді қажет ететін үйлердің үлесі 18 пайызға азаймақ.
 

Хабарламаларға жазылу