Алматыда өнеркәсіп және дизайн көрмесі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда өнеркәсіп және дизайн көрмесі ашылды

12.06.2014
Алматыда өнеркәсіп және дизайн көрмесі ашылды
Алматыда  жылсайынғы «Жиһаз және интерьер», «Құрылыс және дизайн», «Орман және ағаш өңдеу» Халықаралық көрмесі ашылды.
 
«Мұндай экспозициялар отандық жиһаз өндірушілердің ішкі және сыртқы нарықтағы белсенділігін арттырады», деді шараның ашылуына қатысқан шаһар басшысы Ахметжан Есімов.
 
«Алматы экономикасының маңызды саласы - өңдеу өнеркәсібі. Оның ішінде жиһаз және ағаш өңдеу саласы қарқынды дамыған. Бұл өндірілетін өнім сапасын арттырумен қатар, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, сондай-ақ, еліміздің және қала экономикасының өсімін арттырады», деді қала әкімі,
 
Айта кетейік, көрмеге алматылық 40 кәсіпорын өкілдерімен қатар, 16 мемлекеттің компания өкілдері қатысуда.  Шара «Атакент» көрме орталығының аумағында 14-маусымға дейін жалғасады.
 

Хабарламаларға жазылу