Мемлекет басшысы Асқар Жұмағалиевті қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Асқар Жұмағалиевті қабылдады

11.06.2014
Мемлекет басшысы Асқар Жұмағалиевті қабылдады
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы Асқар Жұмағалиевтіқабылдады. Асқар Жұмағалиев Мемлекет басшысына Агенттіктің қазіргі жұмысы туралы баяндады.  
 
Кездесуде сондай-ақ, отандық ақпарат кеңістігін «Ақпараттық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасындағы міндеттерді жүзеге асыруды ескере отырып дамыту жоспарлары туралы сөз болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
 
Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігі мен құрылымы айқындалған Агенттіктің толыққанды қызметіне кіріскенін және оның алдына қойылған маңызды міндеттерді тиімді шешуі тиістігін атап өтті.
 
Агенттік төрағасы байланыс және ақпарат саласындағы ахуал, мемлекеттік БАҚ-тардың жұмысы, медиа-нарықты ынталандыру және контент сапасын арттыру шаралары турасында айтты.
 
Сонымен қатар, ол Интернет желісінің отандық сегментінің дамуы және сандық эфирлік телевидениені енгізу туралы әңгімеледі.
 
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді. 
 

Хабарламаларға жазылу