Қазақстаннан алтын мен өзге де бағалы металдарды шетелге экспорттауға тыйым салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстаннан алтын мен өзге де бағалы металдарды шетелге экспорттауға тыйым салынды

11.06.2014
Қазақстаннан алтын мен өзге де бағалы металдарды шетелге экспорттауға тыйым салынды
 Үкімет қаулысымен Қазақстан Республикасының аумағынан өңделмеген бағалы металдарды, бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын әкетуге уақытша тыйым салынды.
 
Атап айтқанда:  өңделмеген немесе жартылай өңделген, немесе ұнтақ түріндегі алтын,  тазалығы лигатуралық салмақтың 1000 үлесіне қатысты 995 мың үлеске тең немесе одан артық, бұл 995 сынамаға, 995 промиллеге, 99,5 пайызға немесе 23,88 каратқа сәйкес түйіршіктелген алтынды қоспағанда.
 
Бағалы металдардың немесе бағалы металдар жалатылған металдардың қалдықтары мен сынықтары; негізінен бағалы металдарды шығару үшін пайдаланылатын, құрамында бағалы металл немесе бағалы металдардың қосылыстары бар өзге қалдықтар мен сынықтары.
 
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және қолданысқа енгізілген күнінен бастап, алты ай бойы қолданылады.

 

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу